Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің аппараты барлық тілек білдірушілерді Мағжан Жұмабаев ауданында мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге шақырады!

Бізге келесі бағыттар бойынша жоғары білімі бар мамандар қажет: «Бизнес және басқару» (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, еңбекті ұйымдастыру және нормалау), «Құқық», «Сәулет және құрылыс» (геодезия және картография, жерге орналастыру, кадастр), «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» (агрономия, жерге орналастыру), «педагогикалық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар», «Журналистика және ақпарат», «Гуманитарлық ғылымдар», «Тілдер мен әдебиет».

Мемлекеттік қызметте жұмыс істеу үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар түлектер келесі бағыттар бойынша шақырылады: «Бизнес және басқару"» (бухгалтерлік іс және салық салу (есеп және аудит), (қаржы, банк және сақтандыру ісі (банк және сақтандыру ісі), «Құқық», «Сәулет және құрылыс» (геодезия және картография, жерге орналастыру), «Ауыл шаруашылығы» (агрономия), «Білім», «Әлеуметтік ғылымдар және ақпарат», «Гуманитарлық ғылымдар» (тілдер).

Лауазымдық жалақының мөлшері жұмыс өтіліне байланысты 226 837 теңгеден 260 564 теңгеге дейін өзгеретін болады.

Грантта оқыған және оқудың орташа өлшенген бағасы (GPA) 3,33 балдан төмен емес диплом алған түлектер конкурс өткізбей оқуды аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде аудан әкімдігінің, ауылдық округтер әкімдіктерінің және аудан бөлімдерінің бас мамандары лауазымдарына орналаса алады. 3,33 балдан төмен балл жинаған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуді және жеке қасиеттерін бағалауды тапсырған жағдайда конкурстық негізде мемлекеттік қызметте лауазымдарға орналаса алады.

Құзыреттерін жетілдіру үшін мемлекеттік әкімшілік қызметшілер кемінде үш жылда бір рет біліктілігін арттырудан өтеді.

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан асатын мемлекеттік қызметшілерге магистратура және докторантра бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсу мүмкіндігі беріледі, оқу кезеңіне жұмыс орны (мемлекеттік лауазымы) сақталады және лауазымдық айлықақы мөлшерінде стипендия төленеді. Астана қаласында оқу уақытында білім алушыларға тұру үшін қолайлы жағдайлары бар жатақхана беріледі.

Қызметтік міндеттерді өз бетінше орындауға бейімделу және кәсіби дайындық үшін тәлімгерлік институты бар. Жас мамандарға үлкен жұмыс тәжірибесі бар және жоғары кәсіби қасиеттері бар мемлекеттік қызметшілер практикалық көмек көрсетеді.

Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардың жолдамасы бойынша тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде кәсіби білім мен тәжірибе алу мақсатында олардың тағылымдамасы өткізіледі. Тағылымдамадан өту кезеңінде мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орны (мемлекеттік лауазымы) және жалақысы сақталады.

Мемлекеттік қызметте қызметшінің жеке еңбегі мен жетістіктерін мойындағаны үшін қабілеттері мен кәсіптік даярлығына сәйкес мансаптық өсу көзделген.

Мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырылған жағдайда жалақысы сақталмайтын демалыс беріледі және мерзімді әскери қызмет кезеңіне олардың жұмыс орны (мемлекеттік лауазымы) сақталады.

Мемлекеттік қызметшілерге екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыру үшін жәрдемақы төлей отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күн ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі.

Жыл қорытындысы бойынша тиімді және сапалы жұмыс үшін мемлекеттік қызметшілерге екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде бонустар төленеді.

Сондай ақ мемлекеттік қызметшілер үшін әлеуметтік қорғау шаралары қарастырылған:

  • жеке тұрғын үй құрылысы үшін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж мемлекеттік қызметшілерге жер учаскелері беріледі. Жер учаскелерін беру шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
  • мемлекеттік қызметшілер және олармен бірге тұратын олардың отбасы мүшелері тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінде белгіленген тәртіппен медициналық қызмет көрсетуді пайдаланады.
  • ауылдық әкімдіктерде жұмыс істейтін және ауылдық округтерде тұратын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне «Дипломмен ауылға!»:

1. 100 АЕК (345 000 теңге)мөлшерінде көтерме жәрдемақы;

2. 15 жылға 1500 АЕК (5 млн 175 000) мөлшерінде тұрғын үй сатып алуға арналған бюджеттік кредиттер 0,01%. Қажетті шарт: келісімге қол қойылған күннен бастап ауылдық жерлерде 3 жыл жұмыс істеу.

Лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, аса маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін мемлекеттік қызметшілерге көтермелеу қолданылады. Ерекше еңбегі үшін мемлекеттік қызметшілер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік наградалармен наградтауға ұсынылуы мүмкін.

Сіздерді мемлекеттік қызметте жұмыс істеу үшін күтеміз. Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: 8(71531)21449, WhatsApp 8 777-040-38-95.

26.06.2023
Қаралым саны: 191
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz