Бүгін Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасындағы реформалар мен өзгерістерді түсіндіру бойынша ауданның діни бірлестіктері, ҮЕҰ және этномәдени орталықтарының өкілдерімен кездесу-диалог өткізді. Диалогқа "Береке" аудандық мешітінің наиб имамы Жеңіс Оралұлы Шимпаев, "Никольский кафедралды ғибадатханасының шіркеуі" шіркеуінің басшысы иерей Алексей Васильевич Гаврилов, "Бақытты Матронаның шіркеуі" шіркеуінің басшысы иерей Сергей Сергеевич Пропустин, Мағжан Жұмабаев ауданының тарихи – өлкетану мұражайының директоры Серік Тұрарұлы Жұмағұлов, қазақ "Мақсат" этномәдени орталығының жетекшісі Рыспаев Мейрам Қағошұлы, "Полисся" украин этномәдени орталығының жетекшісі Иваненко Мария Адамовна қатысты. Әңгіме барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалар талқыланды, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке ерекше назар аударылды, парасаттылықты тексеру тетігі түсіндірілді (Integrity Check) .
Бұл іс-шараның басты мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қазақстан Республикасының әрбір азаматының борышын көпшілікке жеткізу болды.
Қаралым саны: 125