Өз үлесiңдi қос!
2018 жылы 24 желтоқсан күнi Солтүстiк Қазақстанда «Қызылжар — адалдық алаңы» жобалық кеңсесi өз есiгiн айқара ашты. Миссиясы — тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейiн қысқарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, азаматтардың мемлекеттiк билiк институттарына сенiмiн арттыру болып табылады.
Жоба үш саланы қамтиды: тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және қолайлы жағдай жасау; қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру.
Аталған салалар бiрқатар бағыттарды қарастырады. Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және қолайлы жағдайлар жасау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады: бiлiм беру; денсаулық сақтау; әлеуметтiк қамсыздандыру; сәулет, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары; Мемлекеттiк кiрiс органдары; сот және құқық қорғау органдары; Бiрiншi басшылардың дербес жауапкершiлiгi.
Жобалық кеңсе — кешендi талдау негiзiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға бағытталған мемлекеттiк органдарды «Қайта жүктейдi».
Осыған байланысты, Солтүстiк Қазақстан облысының бей-жай емес және жауапты азаматтарын мемлекеттiк органдарды трансформациялауына қатысуға шақырамыз.
Ұсынымдарды, проблемалық мәселелердi және кеңестердi sqoalaldyk@gmail.com поштаға жiберулерiңiздi немесе 8 (7152) 46-06-81, 46-58-89 нөмiрi бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.
Қаралым саны: 1046