Иттер мен мысықтарды чиптеу

2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңға сәйкес үй жануарларын міндетті түрде чиптеу енгізіледі.

Осыған байланысты халықта чиптеу рәсімін жүргізу туралы көптеген сұрақтар туындайды. Ветеринарлық станция мамандары олардың ең танымалдарына жауап береді:

1. Рәсім міндетті ме?

- Иә, «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңға сәйкес әрбір иесі өз жануарларын тіркеуге міндетті.

2. Рәсім ақылы ма?

- Иә, құны 3-тен 9 мың теңгеге дейінгі диапазонда ауытқиды. Нақты құнын чиптеу қызметін ұсынатын кез-келген ветеринарлық станциядан немесе клиникадан білуге болады.

3. Жануарларды есепке алуға кім жауапты?

- Үй жануарларын есепке алуды мемлекеттік және жеке ветеринариялық ұйымдар ақылы негізде жүзеге асырады.

4. Барлық жануарларды тіркеуге бола ма?

- Тек үй мысықтары мен иттері есепке алынады

5. Жануарларды чиптеуден бас тартуға бола ма?

- Жоқ, өйткені рәсім Заңда белгіленген тәртіппен міндетті болып табылады. Жануарларды тіркеуден бас тартқаны немесе есепке алу нормаларын бұзғаны үшін қазақстандықтарға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады

6. Чипті тексеру қалай жүзеге асырылады?

- Пәтерлерде ешкім жүрмейді. Бұл сіздің Конституциялық құқығыңыз, сіз үйге ешкімді кіргізбеуіңізгн болады. Бірақ полиция қызметкерлері сіздің итіңізге көшеде келіп, Сізден тіркеуді сұрай алады. Иттің чипі бар – жоғын тексеру үшін сізде сканер болуы керек. Иесі ретінде сіз төлқұжатты басып шығарып, иә, бар екенін көрсете аласыз. Бірақ учаскелік инспектордың өкілеттігі бұл сұрақты қоюы мүмкін.

7. Чипті енгізу рәсімі қайда жүзеге асырылады?

- Мағжан Жұмабаев ауданында чип салу рәсімі Булаев қ., Комаров к-сі, 8/1А мекенжайы бойынша ветеринариялық станцияда жүзеге асырылады. Егер жануарды ветеринариялық станцияға әкелу мүмкін болмаса, иелері өз ауылдық округінің ветеринариялық пунктінің ветеринариялық дәрігеріне жүгіне алады. Бұл жағдайда ветеринарлық мамандар иесіне барады.

8. Мемлекет үй жануарларын тегін чиптеуге қаражат бөле ме?

- Иә, мемлекет халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдеріне жануарларды тегін чиптеуге қаражат бөледі, бірақ жеңілдіктер шектеулі, өкінішке орай, ветеринарлық станция барлық иелеріне Тегін чиптер бере алмайды.

17.08.2023
Қаралым саны: 143
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz