2023 жылғы 17 мамырда "Аманат" партиясы аудандық филиалының базасында Мағжан Жұмабаев ауданының үкіметтік емес ұйымдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С. Е. Нұрқайдарова, ардагерлер кеңесінің төрағасы У. Ш. Сағындықов, "Аманат" партиясы филиалының төрағасы Т. А. Әбілмәжінов, "Горлинка" этномәдени бірлестігінің басшысы Л.П. Ессе, "Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау қауымдастығы" ҚБ төрағасы С.В. Юдаков, "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы филиалының директоры Н.С. Шәрімов қатысты.
Күн тәртібіне екі мәселе қойылды. Беларус этно мәдени орталығының жетекшісі В.Н. Поздяева Возвышен а/о этномәдени орталықтарының халықтық дәстүрлерді сақтау жөніндегі қызметі, ауданның қоғамдық өміріне қатысуы туралы баяндады. Білім беру қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Н. А. Пащенко білім беру қызметкерлерінің салалық кәсіподағының жұмысы туралы екінші мәселе бойынша баяндады. С.Е. Нұрқайдарова азаматтық сектордың ағымдағы жағдайы мен аудан өміріне қатысуы туралы айтып берді. Барлық қатысушылар аудандағы ҮЕҰ одан әрі дамыту бойынша өз ұсыныстары мен пікірлерін айтты. Іс-шара зейнеткерлік жасқа толуына орай кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау қауымдастығының төрағасы Сергей Витальевич Юдаковты құттықтаумен аяқталды. Оған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө. Ш. Сағындықов Мағжан Жұмабаев ауданының Энциклопедия-кітабын сыйға тартты.
Қаралым саны: 192