Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы бойынша жүру бағытын, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын анықтау жоба

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 1, 8 және 9 бабына сәйкес, Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Бейбiт жиналыстар ұйымдастыру және өткiзу үшiн арнайы орындар, олардың шектi толу нормалары, сондай-ақ Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы бойынша жүру бағыты осы шешiмнiң 1 қосымшасына сәйкес анықтау

2. Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласында қаласында жүру бағытын, бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткiзу үшiн арнайы орындарды пайдалану тәртiбiн, бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткiзу үшiн арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары, сондай-ақ пикеттеудi өткiзуге тыйым салынған iргелес аумақтардың шекаралары.

3. Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық маслихатының «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша жиналыстар,митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу тәртiбiн қосымша реттеу туралы» 2016 жылғы 27 сәуiрдегi №2-2 шешiмiнiң (2016 жылғы 23 мамырда «Әдiлет» Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жарияланды. Нормативтiқ құқықтық ақтiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiмiнде №3740 болып тiркелген) күшi жойылды деп танылсын.

4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы

Аудандық мәслихатының хатшысы Т. Әбiлмажинов

Қосымша (ZIP 22 Kb)

11.06.2020
Қаралым саны: 730
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz