«Барлығы отбасынан басталады» мерекелік іс-шарасы

Отбасы әрқашан адам өмірінің құндылықтарының ішіндегі ең маңызды орындардың бірін иеленді. Бұл сүйіспеншілікпен және қамқорлықпен жасалған керемет және әдемі витраждар,әркімнің өз ерекшелігі бар.

Отбасы құндылықтарын насихаттау, неке және отбасы институтын нығайту мақсатында ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиясы, Мағжан Жұмабаев ауданының полиция бөлімі Халықаралық Отбасы күнін мерекелеу аясында-15 мамыр күні "Altyn urpaq " балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығында «Барлығы отбасынан басталады" мерекелік іс-шарасын өткізілді.

Жиналғандардың барлығын әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Г. С. Жансүгірова, комиссия мүшесі Б. Н. Ысқақова мерекемен құттықтады.

Жиналғандардың барлығын әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Г. С. Жансүгірова, комиссия мүшесі Б. Н. Ысқақова мерекемен құттықтады. Отбасыларға белсенді қатысқаны үшін ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының алғыс хаттары, ал кішкентай қатысушыларға сыйлықтар табыс етілді.

Мерекелік бағдарлама дәмді кондитерлік өнімдермен шай ішумен аяқталды.

Аталмыш іс-шараны ұйымдастыруда Ә.Тлеупке, өнер мектебінің тәрбиеленушілеріне, Г. Нұржігітоваға және іс-шараның барлық қатысушыларына көмек көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз.

Өмірдегі ең маңызды нәрсе-отбасын сақтаңыз және қорғаңыз! 

16.05.2023
Қаралым саны: 114
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz