«БАРЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН МЕДИАЦИЯ ЖӘНЕ ЭТНОМЕДИАЦИЯ» ОБЛЫСТЫҚ МЕДИА КОНКУРСЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1.1. КММ 2023 жылға арналған жалпы іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ «Қоғамдық келісім» КММ (бұдан әрі – Ұйымдастырушы) «Барлығына арналған медиация» облыстық медиа конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу туралы хабарлайды.

2. Конкурстың мақсаты мен міндеттері

2.1. Конкурстың мақсаты – халық арасында медиация/этномедиацияны азаматтық қоғам иституты, қоғамдағы жанжал деңгейін төмендету және қоғамдық келісімді нығайту құралы ретінде насихаттау.

2.2. Конкурстың міндеттері:

- дауларды реттеудің балама тәсілі ретінде медиация/этномедиация институты туралы жұртшылықтың хабардар болу деңгейін арттыру;

- халықтың назарын медиация/этномедитацияның мүмкіндіктері мен артықшылықтарына аудару және медиация/этномедиацияға жүгінуге қызығушылықты арттыру;

- жанжалдан лайықты шығу ретінде татуласуға оң көзқарасты қалыптастыру;

- медиатор/этномедиатор мәртебесінің беделін арттыру;

- БАҚ өкілдерін, медиаторларды, азаматтық қоғам белсенділерін, жастарды медиация/этномедиация қоғамдық маңызды институтын жариялауға тарту;

- медиация/этномедитация туралы БАҚ-тағы публицистикалық материалдардың сапасын арттыру.

3. Конкурсқа қатысу шарттары

3.1. Конкурстың мәні бұқаралық ақпарат құралдарында: баспа басылымдарында және интенет-басылымдарда жарияланған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медиация/этномедиация туралы көлемі кемінде 2 «стандартты бет» (А4, бос орындары бар 1800 таңбаның көлемі, Times New Roman, мөлшері (кегль) 14) мақалалар болып табылады.

3.2. Конкурсқа қатысуға 2023 жылғы 01 маусым мен 31 шілде аралығында жарияланған мақалалар жіберіледі.

3.3. Конкурсқа журналистер, медиаторлар, этномедиаторлар, этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, білім беру мекемелерінің оқытушылары мен оқушылары қатыса алады.

Қатысушы әр номинацияға 1 (бір) артық емес өтінім бере алады.

3.4. Конкурс мынадай номинациялар бойынша өткізіледі:

- медиация туралы ең қолжетімді және түсінікті материал – «Медиация туралы қарапайым және түсінікті»;

- Қазақстанда медиацияны дамытудың проблемалары мен перспективалары туралы үздік талдамалық материал – «Медиация: қазір және болашақ»;

- Үздік жастар жұмысы – «Жастар медиация туралы»;

- Қазақстанда медиация/этномедиация институтын дамыту бойынша үздік идеялар мен ұсыныстар – «Тиімді медиация /этномедиация»;

- этномедиация туралы үздік материал – «Іс-әрекеттегі этномедиация»;

- медиацияның жекелеген түрлері туралы үздік материал (еңбек, отбасылық, мектеп, бизнес – медиация, әлеуметтік, қылмыстық сот ісін жүргізудегі медиация) – «Медиация туралы қызықтар».

3.5. Конкурсқа қатысу үшін қатысушылар өтінімді 1-қосымшаға сәйкес 2023 жылғы 31 шілдеге дейін қоса алғанда mank.kk.sko@mail.ru электронды мекенжайына «И.З. Қуанова үшін» деген белгімен жолдайды немесе Ұйымдастырушыға Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к., 27 мекенжайына ұсынады.

3.6. Ұйымдастырушыға ағымдағы жылдың 31 шілдесінен кейін берілген немесе конкурс талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер қаралмайды.

4. Медиа конкурсқа қорытынды жасау

4.1. Ұйымдастырушы 5 мүшеден тұратын қазылар алқасын құрады: кәсіби медиатор –қазылар алқасының төрағасы, Ұйымдастырушының өкілі, қоғамдық медиатор, СҚО ҚХА Ақсақалдар кеңесінің өкілі, ҚХА Кеңесінің өкілі (этномәдени бірлестік).

4.2. Қазылар алқасы қатысушылардың конкурстық жұмыстарын қарап, мынадай өлшемдер бойынша бағалайды:

- материалдың конкурстың тақырыбына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі;

- тақырыпты толық ашу;

- материалдың жаңалығы мен өзектілігі, объективтілігі мен шынайылығы;

- материалды ұсынудағы шығармашылық тәсіл;

- материалды ұсынудың қол жетімділігі мен қарапайымдылығы.

4.3. Қазылар алқасы конкурс қорытындысын қазылар алқасы отырысының хаттамасымен ресімдейді.

4.4. Конкурстың қорытындысы және үздік конкурстық жұмыстардың жеңімпаздарын марапаттау Ашық есік күнін өткізу шеңберінде 2023 жылғы тамызда өткізіледі.

4.5. Ұйымдастырушы сайтта Конкурс қорытындылары туралы ақпаратты жариялайды. Байланыс телефоны - 87012209311

Қосымша (DOCX 20 Kb)

22.05.2023
Қаралым саны: 188
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz