«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 қаулысына сәйкес жыл сайын Қазақстанда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өткізіледі.

Байқау 3 кезеңде өтеді: бірінші кезең - аудандық (қалалық), екінші кезең - облыстық, үшінші кезең - ұлттық.

Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық турына қатысуға өтінімдер қабылдайды.

Конкурсқа қатысуға өтінім 15 мамыр мен 15 маусым аралығында Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссияға Үкіметтің2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысымен бекітілген Ережеге қоса берілген нысанда беріледі. ,

Толық ақпаратты http://ovp-mzh.sko.gov.kz. сайтынан алуға болады, жалпы мәселелер бойынша 2-20-90 тел арқылы, mzh-ovp@mail.ru.

Правила (ZIP 108 Kb)

13.05.2022
Қаралым саны: 550
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz