Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі.
Ұлттық конкурс адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) оң бейнесін насихаттауға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурсқа өзін-өзі ұсыну арқылы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша отбасылар қатысады.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім аудандық (қалалық) комиссияларына 2023 жылғы 15 мамырдан 1 шілдеге дейін тапсырылады.
Бірінші – аудандық (қалалық) кезең (1 шілдеден 12 шілдеге дейін).
Екінші – облыстық кезең ( 13 шілдеден 18 шілдеге дейін).
Ағымдағы жылдан бастап облыстық комиссиялардың шешімдері негізінде жеңімпаз отбасыларға «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы беріледі.
Толық ақпаратты «СҚО әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ www.dvp@sko.gov.kz сайтынан және «СҚО Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ, 871531 2 20 90 телефоны арқылы алуға болады.
Қаралым саны: 199