«Мерейлi отбасы-2023» Ұлттық конкурс туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі.

Ұлттық конкурс адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) оң бейнесін насихаттауға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Конкурсқа өзін-өзі ұсыну арқылы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша отбасылар қатысады.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім аудандық (қалалық) комиссияларына 2023 жылғы 15 мамырдан 15 маусымға дейін тапсырылады.

Бірінші – аудандық (қалалық) кезең ( 15 маусымнан 29 маусымға дейін).

Екінші – облыстық кезең ( 1 шілдеден 15 шілдеге дейін).

Ағымдағы жылдан бастап облыстық комиссиялардың шешімдері негізінде жеңімпаз отбасыларға «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы беріледі.

Толық ақпаратты «СҚО әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ сайтынан алуға болады www.dvp.sko.gov.kz.

15.05.2023
Қаралым саны: 188
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz