«Күшіміз бірлікте» атты ауыл әйелдері Форумы

26 қаңтарда Мағжан Жұмабаев ауданының делегациясы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия ұйымдастырған «Күшіміз бірлікте» атты облыстық ауыл әйелдері Форумына қатысты.

Форум барысында біздің өңірдің дамуына үлес қосқан әйелдер құрметке ие болды. Мағжан Жұмабаев ауданы атынан жаттықтырушы, Мағжан Жұмабаев ауданындағы Кекушинкай-каратэ Бүкілқазақстандық ұйымы СҚОФ РКБ аудандық бөлімшесінің басшысы, спорт шеберінінің кандидаты Айнагүл Орынбайқызы Бауэнова қатысты. Айнагүл Орынбайқызының тәрбиеленушілері бүкіл Қазақстан және жақын шет елдер бойынша жарыстарға қатысады, ауданның атынан лайықты өнер көрсетеді. «Ауыл әйелдерінің табысының 100 тарихы» кітабында Айнагүл Орынбайқызы туралы мақала орналастырылған.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары К. М. Дүзелбаевтың алғыс хатымен ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С. Нұрқайдарова марапатталды.

Форум ұйымдастырушыларына қызықты әрі мазмұнды іс-шара үшін Алғыс білдіреміз!

26.01.2024
Қаралым саны: 36
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz