Ауыл әйелдерінің форумы

7 қыркүйекте Мағжан Жұмабаев ауданының делегациясы Солтүстік облыстардың ауыл әйелдерінің өңірлік форумына қатысты.

Форум барысында Қазақстандағы әйелдер ауылдық кәсіпкерлігінің әлеуетін дамыту мәселелері, ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігін қолдаудың әлеуметтік жобалары – «Coca-Cola Белестері» және «Жеке қосалқы шаруашылықтар» онлайн-мектептері мысалында практикалық, бизнес дағдыларын дамыту, менторлық және тәжірибе алмасу мәселелері айтылды.

Сондай-ақ, «Асқар шыңдарға ту тіккен ауыл әйелдері» атты ауыл әйелдерінің табыс тарихы таныстырылды. «Қажеттілікті есепке алу және қолдау нысандарын таңдау негізінде Қазақстанда әйелдер ауылдық кәсіпкерлігінің әлеуетін дамыту»; «Coca-Cola Белестері» әлеуметтік жобасының жетістіктері мен перспективалары, «Жеке қосалқы шаруашылықтар», «Әйелдер кооперативтерін құру» онлайн-мектептерінің оқыту бағдарламаларының қолжетімділігі туралы тренингтер өткізілді.

Сондай-ақ, кәсіпкерлердің, Солтүстік Қазақстан облысының халық шеберлерінің қатысуымен көрме ұсынылды, қатысушылар үшін кофе-брейк ұйымдастырылды. Форум ұйымдастырушыларына үлкен алғысымызды білдіреміз!

08.09.2023
Қаралым саны: 72
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz