Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының шешiм жобасы бойынша пресс-релиз

«Бейбiт жиналыстарды ұйымдастырудың және өткiзудiң мамандандырылған жерлерiн айқындау туралы, бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткiзу үшiн мамандандырылған орындарды пайдалану тәртiбi, олардың ең көп орналасу нормалары, сондай-ақ бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткiзу үшiн мамандандырылған орындарды, Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша пикет өткiзуге тыйым салынатын iргелес аумақтардың шекараларын материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының шешiм жобасы бойынша пресс-релиз

Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы «Қазақстан Респуликасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Респуликасының 2020 жылғы 25мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы» Заңының 8-бабына сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының шешiм жобасы.

Жобаның мақсаты — «Еститiн мемлекет» Тұжырымдамасын, сонымен қатар азаматтардың бейбiт жиналу, жиналыстар, митингiлер, демонстрациялар, шерулер және пикеттер өткiзу құқығын iске асыру.

Бұл жобаның негiзгi мiндетi — Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаево қаласында бейбiт жиналыстарды өткiзуге арналған арнайы орындарды анықтау.Алдын-ала «Жастар» стадионы, «Достық» мәдениет және демалыс саябағы, Мағжан Жұмабаев бюстiнiң алдындағы алаң, шерулер мен демонстрациялар үшiн — аудандық Мәдениет үйiнiң алдындағы тұрақтан бастап Тахир Мұсаев пен Абай Құнанбаев көшелерiнiң бойында, Абай Құнанбаев көшесiмен «Жастар» стадионға дейiн.

Iшкi саясат, мәдениет және тiлдердi дамыту
бөлiмiнiң басшысы С. Нұрқайдарова

12.08.2020
Қаралым саны: 1078
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz