Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының шешім жобасына түсініктеме жазбахат

«Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырудың және өткізудің мамандандырылған жерлерін айқындау туралы, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін мамандандырылған жерлерді пайдалану тәртібі, олардың максималды орналасу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін мамандандырылған орындарды, іргелес аумақтардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар туралы, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында пикет өткізуге тыйым салынған» Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының шешім жобасына түсініктеме жазбахат

Жобаны дайындаудың мақсаты – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын және азаматтарының бейбіт және қарусыз жиналып, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер мен пикеттеу өткізу құқығын іске асыру.

Жобаны дайындаудың міндеттері – жиналыстар мен митингілер, шерулер және демонстрациялар бағыттарын анықтау, олардын пайдалану тәртібін, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған орындарын анықтау.

Берілген жобадан қабылданған шешімнен күтілетін нәтиже – жоба қабылданған жағдайда азаматтардың бейбіт жиналыстар бостандығына құқықтарын іске асыру тиімділігі артады

Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі - «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңның қабылдануы, азаматтардың бейбіт жиналыстар бостандығына құқықтарын жүзеге асыру, сондай-ақ жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттер ұйымдастыру және өткізу тәртібін реттеу қажеттілігі.

Бейбіт жиналыстардың ұйымдастырушыға және қатысушыларға қойылатын талаптар:

1) «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңның талаптарын сақтауға;

2) бейбіт жиналыстар өткізу кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеуге;

3) жергілікті атқарушы орган өкілінің және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, сонымен қатар ұйымдастырушының;

4) бейбіт жиналыстарға қатысушылардан қоғамдық тәртіпті және оларды өткізу регламентін сақтауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға жол бермеуді талап етуге;

5) «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңның 17 және 18-баптарында көзделген жағдайларда жергілікті атқарушы орган өкілінің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талап етуі бойынша, бейбіт жиналыстарға қатысушыларға осындай талапты орындау қажеттігі туралы ақпарат бере отырып, бейбіт жиналыстарды тоқтата тұруға немесе тоқтатуға;

6) бейбіт жиналыстар өткізілу кезінде оларға қатысушылардың қауіпсіздігі үшін жағдай жасауға, ғимараттардың, құрылысжайлардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге;

7) бейбіт жиналыстарға қатыспайтын азаматтардың еркін жүріп-тұруына кедергі келтірмеуге;

8) бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгісін тағып жүруге;

9) бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы бейбіт жиналыс өткізуден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда дереу жергілікті атқарушы органға және азаматтарға бұқаралық ақпарат құралдары, телекоммуникация желілері арқылы және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де тәсілдермен ақпарат беруге, сондай-ақ үгіттеуді тоқтатуға;

10) бейбіт жиналыстар өткізу кезінде оларға қатысушылардың және басқа да адамдардың өмірін, денсаулығын қорғауға, қоғамдық тәртіпті қорғауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған ішкі істер және (немесе) прокуратура органдары қызметкерлерінің талаптарын орындауға, ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етуде жәрдемдесуге;

11) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.

12) Бұл нормативтік құқықтық акт кәсіпкерлік субьектілерінің мүдделеріне ешқандай әсер етпейді.

Ерекше орындарда тұрудың шекті деңгейі:

Ең жоғары тұру нормаларын белгілеу кезінде ішкі істер органдарының қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мүмкіндіктері, 2 метр қашықтықтағы әлеуметтік қашықтыққа қойылатын санитарлық талаптар (төтенше жағдай немесе карантиндік шаралар кезеңінде), сондай-ақ болжанатын мамандандырылған орындардың мөлшері (ауданы) ескеріледі.

Ішкі істер органдары қызметкерлерінің санын, сондай-ақ әр түрлі жерлерде бір уақытта бейбіт жиналыстарды өткізу жағдайларын ескере отырып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін бір орынға ең көп дегенде 200 адамға дейін қабылдау ұсынылады.

Булаев қаласы, «Жастар» стадионының аумағы (Комарова көшесі бойынша)

Аумағы – 10000 кв. м.

1 адам – 2 кв. м.

Максималды толықтырылу деңгейі – 5000 адам

Булаев қаласы, «Достық» демалыс және мәдениет парк аумағы (Абай Құнанбаев көшесі бойынша)

Аумағы – 600 кв. м.

1 адам – 2 кв. м.

Максималды толықтырылу деңгейі – 300 адам

Булаев қаласы, Мағжан Жұмабаев бюстінің алдындағы аумақ (Юбилейная көшесі бойынша)

Аумағы – 400 кв. м.

1 адам – 2 кв. м.

Максималды толықтырылу деңгейі – 200 адам

Булаев қаласы, «Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің халық өнерпаздары шығармашылығының және бос уақытты ұйымдастыру қызметі орталығы» МҚКК автомобильдік жол тұрақ аумағынан бастап, Тахир Мұсаев және Абай Құнанбаев қиылысына дейін, Абай Құнанбаев көшесімен «Жастар» стадионына дейін. Қашықтығы – 700 м. Жол төселуінің ені – 4 метр.

Егер бір қатарда 4 адам тұра алса және 100 жол маршрутты құраса, онда 400 адам маршрутта бола алады.

4*100=400

Максималды толықтырылу деңгейі – 400 адам.

«Мағжан Жұмабаев ауданы ішкі саясат, мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі» КММ басшысы С. Нұрқайдарова

11.08.2020
Қаралым саны: 673
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz