«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет – әр азаматтың міндеті» дөңгелек үстел

2018 жылдың 16 қарашасы аудандық орталық кiтапханада «Адал жол — Честный путь» облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны шегiнде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет — әр азаматтың мiндетi» тақырыбына дөңгелек үстел өткiзiлдi. Ол iс-шараның мақсаты — сыбайлас жемқолықты жасаудың түсiнiгi мен тетiгiн ашу, сыбалас жемқорлықтың заңнамалық қорын, себебi мен шаттарын атау, және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы әңгiмелсу. Дөңгелек үстелдiң жұмысына Мағжан Жұмабаев ауданы прокурорының орынбасары Р.Х. Насиров, аудан соты кеңсесiнiң меңгерушiсi Қ.Е. Жүкенов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бойынша қоғамдық кеңес төрағасы О.Ш. Сағындықов, Мағжан Жұмабаев ауданның iшкi саясат бөлiмiнiң басшысы С.Е. Нұрқайдарова, кәмелетке толмағандар бойынша аға учаскелiк инспектор Н.С. Байманов, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң басшысы А.Ә. Хасенова, аудан әкiмiнiң құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы Р.К. Садвакасов, «Жастар ресурстық орталығы» директорының мiндеттерiн атқарушы Г.Б. Нұржiгiтова және Булаев қаласының кәсiби дайындық және сервис колледжiнiң студенттерi қатысты. Дөңгелек үстелдiң жұмыс барысында сыбайлас жемқолыққа қарсы әрекеттер туралы өнiмдi әңгiмелесулер болды, ой-пiкiрлемен ауысты, iс-шараға қатысқан студенттер сұрақтар қойды және оларға толық жауаптар алды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы антикоррупция» кiтаптар көрмесi ресiмделген.

16.11.2018
Қаралым саны: 873
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz