Қазақстан мүгедектері оңалту құралдары мен арнайы қызметтерге тапсырыс бере алады

Мүгедектігі бар адамдар оңалтудың техникалық құралдарына (бұдан әрі — ОТҚ) және арнаулы әлеуметтік қызметтерге 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өз бетінше тапсырыс бере алады.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды. Арнайы әлеуметтік қызметтерге жеке көмекшілердің, ымдау тілі мамандарының қызметтері және санаторий-курорттық емделу жатады.

Бүгінгі күні ТОҚ және жоғарыда аталған қызметтер Мемлекеттік сатып алу арқылы ұсынылады. Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту, сапасын және қолжетімділігін арттыру мақсатында 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап елдің бүкіл аумағында Әлеуметтік қызмет порталы іске қосылады.

Бүгінгі күні техникалық құралдар мен оңалту қызметтерін алуға мүгедектік белгіленген күнінен бастап 8 айға дейінгі уақыт кетеді. Бұл мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізудің ұзақтығына байланысты болып отыр. Қызмет алушылар тендер жүйесі оларға мүлдем сәйкес келмейтіндігін айтады. Жыл сайын олар қызмет көрсету сапасы мен медициналық құрылғылардың бұйымдардың сапасының нашарлауына жиі шағымданады. Порталды енгізу оңалту қызметтеріне қажеттілікті есепке алудың ашық еместігі факторын болдырмауға мүмкіндік береді. Ең бастысы, оңалту қызметтері мен құралдарының оларды алушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес келмеу проблемаларын шешеді, өйткені мүгедектігі бар адамдар тауардың және қызметтің қажетті түрін өз бетінше таңдай алады.

Порталды енгізу нәтижесінде техникалық оңалту құралдарының және арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынуға арналған бизнес-процестердің уақытын оларды проактивті формат арқылы тағайындауды 8 айдан 1-2 аптаға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Мүгедектігі бар адамдардың өтініштеріне сәйкес техникалық жабдықтар мен оңалту қызметтерінің белгіленген құнын өтеу механизмі көзделген. Ол порталда қымбат тауарлар мен қызметтерді таңдаған кезде қосымша төлемдерді іске асыру функциясы қолжетімді болады деген сөз.

Бұдан басқа, сертификатталған мамандардың кең ауқымы қолжетімді болып, медициналық-әлеуметтік мекемелердің бірыңғай тізілімінде (бұдан әрі — МӘМ) барлық МӘМ-нің жабдықталуы және жұмыс жүктемесі ескерілетін болады.

Портал енгізу оңалту құралдары мен қызметтеріне тең қолжетімділікті, үйден шықпай-ақ «бір терезе» арқылы уақытылы әлеуметтік көмек көрсетуді, сондай-ақ жеке қажеттіліктерді, жеткізушілер, әлеуметтік қызметкерлер мен мамандар туралы мәліметтерді есепке алуды қамтамасыз етеді. Бұл адал бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік береді және әлеуетті өнім берушілердің оңалту құралдары мен қызметтерін іске асыруға қатысуының ашықтығын қамтамасыз етеді.

Бұған дейін хабарланғандай, портал пилоттық режимде іске қосылып, Ақтөбе қаласында сәтті жүзеге асырылуда. Оған бірнеше медициналық-әлеуметтік мекеме қосылды.

Естеріңізге сала кетейік, «Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар аясында көзделген. Ресурсты Қазақстанның барлық қалаларының тұрғындары пайдалана алады деп жоспарлануда, ол 400 мыңнан астам пайдаланушы мен 200 мың жеткізушіні қамтиды.

Бүгінгі күні «Мобильді азаматтар базасы», «Әлеуметтік тізілім», «Бірыңғай деректер қоймасы», «Қазпошта» АҚ, «Еңбек шарттарының бірыңғай жүйесі», «Жылжымалы мүлік тіркелімі» ақпараттық жүйелерін интеграциялау бойынша жұмыс жүргізілуде.

31.10.2019
Қаралым саны: 768
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz