Біртұтас ақпараттық күн

15 наурыз «Нұр Отан» партия филиалының мәжiлiс залында қаржы басқармасының басшысы Е.М. Әкiмжановпен ветеренария басқармасының басшысы А.Т. Абдуллаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2018 жылғы 5 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуi: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын түсiндiру бойынша бiртұтас ақпараттық күнi өттi. Кездесудi аудан әкiмiнiң орынбасары Р.Н. Смағұлов жүргiздi.

Ескен Мырзахметұлы Елбасының «Әлеуметтiк қамқорлық» Жаңа әлеуметтiк шаралары туралы айтты. Қатысушыларға еңбекақының көтерiлуi және көп балалы отбасыларға жәрдемақы төлеу туралы толығырақ айта кеттi.

Ал, Алтынбек Тоғайбекұлы өзiнiң ақпаратында 2017-2021 жылдарға ҚР агро өнеркәсiптiк кешенiн дамыту Мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге аыру тақырыбын түсiндiрдi.

Барлық сұрақтарға жауаптар берiлдi.

Iс-шараның соңында Рахат Назымбекұлы барлық қатысушылардың атынан ақпаратты-түсiндiрушi топ мүшелерiне қажеттi ақпаратты түсiндiргендерi үшiн алғысын бiлдiрдi.

15.03.2019
Қаралым саны: 927
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz