Рухани келісім күні

2018 жылдың 18 қазаны Рухани келiсiм Күнi шегiнде Орталық кiтапхананың оқу залында «Руханикелiсiм — бейбiтшiлiқ пен қелiсiмге бiр жол» тақырыбына 9-11 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өттi.

Кездесуге «Береке» мешiтiнiң бас имамы Ж.О. Шiмпаев, жастар ресурстық орталығының директоры А.А. Құсанова, тарихи-өлкетану мұражайының директоры С.Т. Жұмағұлов, «Мағжан Жұлдызы» аудандық газетiнiң редакторы Е.Ә. Елубаев, iшкi саясат бөлiмiнiң дiни және қоғамдық бiрлестiктерi бойынша жұмысының бас маманы Ж.Қ. Жүсiпов қатысты.

Ж.О. Шiмпаев өз ақпаратында жастарға конфессия аралық келiсiм туралы, ал А.А. Құсанова әлеуметтiк желiлердiң пайдасы мен қауiпi жайында айтты. Және де С.Т. Жұмағұлов әлеуметтiк желiлер жайлы және Рухани келiсiм Күнiнiң туындау тарихы жайлы айтты. Е.Ә. Елубаев 2018 жылдың 10-11 қазаны Астана қаласында өткен дәстүрлi дiн және алғырлардың VI съездi туралы, Ж.Қ. Жүсiпов айданның дiни жағдайы туралы айтты.

18.10.2018
Қаралым саны: 863
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz